Теректіде Достық үйінің 15 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті
28.04.2026
·
«Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейі»
Бірлік пен келісім – ел дамуының берік негізі…
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Теректі ауданында аудандық Достық үйінің 15 жылдығына арналған бірқатар салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның құрметті қонақтары – облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ақсақалдар, аналар кеңесінің мүшелері Теректі ауданы әкімінің орынбасары: Темірболат Сағынгереев және Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы: Сұңғатов Жандос Әміржанұлы бастамасымен, Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келді.
Ел бірлігі мен татулығын насихаттауға бағытталған бұл кездесуде қонақтар музей жәдігерлерімен танысып, тарих пен тағылымға толы рухани құндылықтарға ерекше қызығушылық танытты.