«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейінде “ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ!” арнайы бұрыш ашылды.

27.12.2025 «Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейі»

Шараға Теректі ауданы әкімінің орынбасары: Темірболат Сағынгереев ,Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы: Сұңғатов Жандос Әміржанұлы және “Батыс-Желтоқсан” қоғамдық бірлестігінің төрайымы: Күнзила Мақсұтова,бірлестік мүшелері:Мұхтар Нұрланбаев, Жанболат Ешов, Лайла Қаражігітова, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының куәгері: Гүлмира Сәлімова қатысты.

Іс-шарада музей меңгерушісі Аманжол Сәлімұлы мен экскурсовод Гүлім Жұбаниязова Теректі өңірінің тарихы мен танымал тұлғалары жайында баяндап, музей жәдігерлерімен таныстырды.

Желтоқсан қаһармандары өз естеліктерімен бөлісіп, Желтоқсан күндерінің қадір-қасиеті мен тарихи маңызын жеткізді.

Кездесу барысында желтоқсаншы Гүлзада Халелова Нәбиқызының өмірбаяны таныстырылып, есімдері елеусіз қалған Желтоқсан құрбандарын ұлықтау, олардың аттарын санада жаңғырту қажеттігі айтылды.

Шара соңында «Батыс-Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күнзила Мақсұтова музей қорына бірнеше кітап пен құнды деректерді сыйға тартты.

Scroll to Top