«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейі – руханият жолында…

09.02.2026 «Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейі»

Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейі және Шаған жалпы орта білім беру мектебімен бірлесе ,қазақ поэзиясының алыбы, халықтың жүрегінен орын алған ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар мен ұстаздар ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, поэзиясындағы ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтар жайында мол мағлұмат алды. Мұқағали Мақатаевтың кітаптары, фотосуреттері және өміріне қатысты деректер ұсынылды.
Жылжымалы көрме мазмұны:
Жылжымалы көрме аясында ақын өмір сүрген кезеңнің тынысын танытатын тұрмыстық және мәдени жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды. Атап айтқанда, сол кезеңде кеңінен қолданылған радио, сиясауыттар, қалам ұштары, баспа машинасы, сондай-ақ портфель қойылып, олардың әрқайсысының тарихи маңызы мен қолданылу ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді.
Бұл жәдігерлер арқылы оқушылар мен қонақтар Мұқағали Мақатаев өмір сүрген дәуірдің рухани және шығармашылық ортасын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды.

 

Scroll to Top