«Теңге – ұлттық табыстың кепілі» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енген күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады.
Осы орайда, В.И.Чапаев атындағы Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде «Теңге-ұлттық табыстың кепілі» атты музей сағаты өтті. Музей сағатына Қазынашылық басқармасының зейнеткері – Р.О.Жантасова, Салық басқармасының зейнеткері – Г.С.Сагадиева, Ақжайық ауданы қаржы бөлімі зейнеткерлері — С.А.Телагисова, Қ.Е.Шукургалиева, Ақжайық ауданы қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары –Б.Қ.Тапенова, Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары — И.С.Максутова, Г.С.Абугалиева және студенттер қатысты. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы мен оның маңызын түсіндіру. Музей сағаты барысында студенттер төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты. Банкноттар мен монеталардың фабрикада, Монета сарайында шығарылу технологиясымен, теңгенің даму тарихы туралы бейнефильмді тамашалады. Шара барысында Балқымбат Қаженқызы қазынашылық бөлімінің құрылуы туралы айта кетіп, қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, осы саланың зейнеткерлері қиын кезеңдерден өткен жұмыстарын еске алды.