«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Тарих пен тағылым тоғысқан кеш: Жеңіс күніне арналған шара

05.05.2026 Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейі

4 мамыр күні Мұхит Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Жеңіс жолы – батырлық пен қайсарлықтың белгісі» атты ерлік сағаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың есімін ұлықтау, олардың рухына тағзым ету, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен отансүйгіштікті сіңіру, сондай-ақ бейбіт өмірдің қадірін түсіндіріп, оны сақтаудың маңызын ұғындыру болды. Іс-шара барысында оқушылар Жеңіс, ерлік тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық әндер орындады. Бұл олардың тарихи санасын қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар музей экскурсоводы Дулат Темірболатұлы «Ұмытылмас тарих, өшпес ерлік» атты көрме ұйымдастырып, музей қорында сақталған соғыс ардагерлеріне тиесілі құнды жәдігерлермен таныстырды. Көрме арқылы қатысушылар батырлардың өмір жолы мен ерлік істері туралы тың мәліметтер алып, өткен тарихқа тағзым етті. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпаққа тарихи жадыны сақтаудың маңызын ұғындырып, Жеңіс күнінің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Scroll to Top