«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Соғыс ардагерінен қалған тарихи жәдігер музейге табысталды

23.04.2026 Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейі

Сулыкөл ауылының тұрғыны Набат апа музейімізге аса құнды тарихи мұра сыйға тартты. Бұл жәдігер — оның әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Сталин жолы» колхозы құрылған тұста алғашқы темір ұстасы болған Ақымғали Қойлыбаевтың өз қолымен жасаған көрігі.
Көрік — ұсталық өнердің ажырамас құралы, ол арқылы темірді қыздырып, түрлі бұйымдар жасалған.
Осындай жәдігерлер өткен дәуірдің тұрмыс-тіршілігін, еңбек мәдениетін танып-білуге үлкен мүмкіндік береді.
Музей ұжымы Набат апаға тарихи құндылығы жоғары мұраны табыстағаны үшін алғыс білдіреді.

Scroll to Top