Шыңғырлаудың тарихи орындарына танымдық экскурсия ұйымдастырылды
Ауылымыздың тұрғыны, музей жанашыры, музей қорына көптеген жәдігерлерді сыйға тартып отырған, ауданымыздың өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар туралы құнды мәліметтерді жинақтап, өлкеміздің тарихын насихаттап жүрген белсенді өлкетанушы Қуанаев Мырзаболат Жұбанқұлұлы Шыңғырлау ауылында ХІХ ғасырда салынған көпестер үйлері мен тарихи орындарға экскурсия жүргізді. Экскурсияға Л.Қылышев атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Молдағалиева Хадиша Сейілханқызы бастаған 6 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері мен оқушылар ауылдағы сақталған сәулет ескерткіштері, көпестердің үйлеріне жаяу барып, шолу барысында ауданның қалыптасу тарихы, ескі ғимараттар мен тарихи орындар туралы мол мағлұмат алып, мазмұнды экскурсия жүргізген Мырза ағаларына өз ризашылықтарын білдірді