«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Шыңғырлау ауданында «Рухани тұрақтылық -қоғам қауіпсіздігінің негізі: деструктивті ағымдарға қарсы іс-қимылдағы теологтардың бірлескен әрекеті» атты отырыс өтті.

22.09.2025 Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі

21–22 қыркүйек күндері Шыңғырлау ауданында «Рухани тұрақтылық -қоғам қауіпсіздігінің негізі: деструктивті ағымдарға қарсы іс-қимылдағы теологтардың бірлескен әрекеті» атты отырыс өтті.
Осы ауқымды шараға қатысушылар аудандық музейге арнайы келіп, тарихи-мәдени құндылықтармен танысты.
Қонақтар музейдегі жәдігерлер арқылы өңірдің бай тарихы мен мәдениетін тереңірек танып, рухани мұраның қоғамдағы маңыздылығына тағы бір көз жеткізді.
Бұл кездесу мәдениет пен руханиятты ұштастырып, тарихтан тағылым алудың қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қосар үлесінің зор екенін айқындады.

Scroll to Top