«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Сейтек Оразалыұлының 165 жылдығына арналған танымдық квест ұйымдастырылды

16.05.2026 «Домбыра – ұлттық рух» музейі

«Домбыра – ұлттық рух» музейінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы Сейтек Оразалыұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Күймен көмкерілген өмір» атты танымдық квест ұйымдастырылды.

Іс-шара Батыс Қазақстан облысы балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығымен бірлесе өткізілді. Шара барысында оқушылар музей экспонаттарымен танысып, арнайы экскурсияға қатысып, қызықты квест ойындарында белсенділік танытты. Сонымен қатар, ұлттық өнер мен күй тарихы кеңінен насихатталып, жас ұрпаққа рухани-мәдени тәрбие берілді.

Танымдық шара соңында белсенділік танытқан «Жас тұлға» тобының жетекшісі Тоты Ғаниденқызына алғыс хат табысталып, қатысушы оқушылар арнайы марапаттарға ие болды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Scroll to Top