«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

ОСК хатшысы Батыс Қазақстан музейінің көрмесіне оң баға берді

26.08.2026 «АТАМЕКЕН» өнер ордасы көрме ұйымдастыру бөлімі

«Атамекен» өнер ордасының көрме залында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен ашылған «Уақыт керуені» сурет көрмесі өз жалғасын табуда.

Өңірімізге сапары барысында көрмеге арнайы ат басын бұрған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов музей қорындағы құнды өнер туындыларына жоғары бағасын беріп, жылы пікірін білдірді.

Бұл көрме келушілерге музей қорында қылқалам шеберлерінің ұзақ жыл бойы сақталған  таңдаулы туындыларын тамашалап, қазақ бейнелеу өнерінің тарихымен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік береді.

Scroll to Top