Өңір тарихына тағзым: музейге мәртебелі меймандар келді
Кеше музейімізге еліміздің қоғамдық-саяси, білім, мәдениет және дипломатия салаларында еңбек етіп жүрген қадірлі қонақтар келіп, музей залдарын аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.
Қонақтар қатарында көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, тарихшы әрі білім беру саласының білгір маманы Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов, білім беру жүйесінің ардагері Исатай Сағындықов, дипломатия саласының ардагері Асхат Дәуітов, қадірлі азамат Талғат Алпысбеков, Вена қаласында білім алып жүрген талантты скрипкашы Жәңгір Жұбанов, Вена университетінің магистранты Дария Сарыбай, қазақстандық мемлекет қайраткері, дипломат, жоба авторы Қайрат Сарыбай және қызы Инара Сарыбай болды.
Экскурсия барысында қонақтар музей экспозицияларымен танысып, өңір тарихы мен мәдени мұрасына қатысты құнды мәліметтер алды. Кездесу аясында мазмұнды пікір алмасу өтіп, музей жұмысына қатысты жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.