Өмірінің ширек ғасырын мәдениетке арнаған ардақты қызметкер!
Музей ұжымы үшін ерекше күн болды — ұзақ жылдар бойы музейіміздің дамуына зор үлес қосқан, белді қызметкері бірнеше жыл директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары қызметін абыроймен атқарған Ажар Берікқалиқызы Берікқалиеваның басқа қызметке ауысуына байланысты әріптестер үлкен құрмет көрсетіп, салтанатпен шығарып салды.
⚜️Ұжым әріптесімізге жылы лебіздерін білдіріп, қажырлы еңбегі мен адалдығы үшін алғыс айтты.
Музей директоры Жантас Набиоллаұлы Сафуллин Ажар Берікқалиқызына ақ жол тілеп, болашақта бірге қызмет жасайтындығын, музейдің есігі әрқашанда ашық екенін айта отырып, алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, БҚО тарихи-өлкетану музейі Кәсіподақ ұйымының төрағасы Оспанов Мейрам Маратұлы Ажар Берікқалиевнаны “Кәсіподақ ардагері” медалімен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.
Ажар Берікқалиқызына жаңа өмір кезеңінде сәттілік, мықты денсаулық және бақыт тілейміз! ❤️
Сіздің еңбегіңіз — музей тарихының бір бөлшегі!