«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Облыстық музей директоры Жантас Набиоллаұлы музейде көрсетілетін ақылы қызметтерді жетілдіру, кассалардың жұмысын заманауи талаптарға сай ұйымдастыру мақсатында касса қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді.

14.09.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Облыстық музей директоры Жантас Набиоллаұлы музейде көрсетілетін ақылы қызметтерді жетілдіру, кассалардың жұмысын заманауи талаптарға сай ұйымдастыру мақсатында касса қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді. Жиын барысында музей басшысы келушілер үшін төлем жүйесін жеңілдету мақсатында «Halyk Bank» арқылы төлем қабылдау жолға қойылатынын мәлімдеді.

Алдағы уақытта музейге «Halyk Bank»-тің төлем терминалы орнатылып, келушілер музейге кіру ақысын банк картасы немесе «Halyk QR» арқылы төлей алатын болады. Осыған байланысты, облыстық музейге банк мамандары арнайы шақырылып, кассирлерге терминалды пайдалану тәсілдерін үйретті. Олар әр музей нысанын жеке тіркеп, құрылғыны қолдану, операцияларды жүзеге асыру жолдарын толықтай түсіндірді.

Енді облыстық музей мен оның қалалық бөлімдерінде қызмет көрсету сапасы артып, келушілерге ыңғайлы әрі тиімді жағдай жасалмақ. Бұл жаңашылдық музей қызметін цифрландыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Scroll to Top