Музейімізге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері мен облыс және аудан басшылығының өкілдері келіп, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасымен танысты
Құрметті қонақтар қатарында:
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е. Тарасенко;
Гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық сарапшы, «Отбасылық табыс орталығы» ҚҚ директоры Р.Бекишева;
Аудан әкімі Ә. Мұханбетжанова;
БҚО әкімі аппаратының бас инспекторлары;
БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Т. Рогозина;
БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Абдолов;
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Губайдуллина болды.
Қонақтар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, мәдениет пен тарихты сақтау бағытындағы маңызды пікірлерімен бөлісті.
Осындай жоғары деңгейдегі кездесулер – біздің жұмысымызға үлкен серпін береді.