Музейімізге қаламыздағы “Достық” бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері келді.
09.02.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Экскурсия барысында ардагерлеріміз өңіріміздің тарихы мен өткеніне қатысты көптеген маңызды деректермен танысты. Экспозицияларды тамашалау кезінде ұмыт болып бара жатқан тарихи сәттерді еске түсіріп, өзара естеліктерімен бөлісті.
Экскурсия қонақтарымызға ерекше әсер қалдырды. Ардагерлер музей ұжымына шынайы ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздері мен алғыстарын жаудырып тарқасты. Осындай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, тарихтың қадірін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.