Музейге «Цифрлық Жайықтың жаңғыруы» жобасы табысталды
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен 7-сынып оқушысы Баймұханова Данара арнайы келіп, «Цифрлық Жайықтың жаңғыруы» атты зерттеу жобасын табыстады.
Жоба Алтын Орда дәуіріндегі Жайық қалашығын заманауи цифрлық технологиялар арқылы қайта жаңғыртуға бағытталған. Жас зерттеуші Blender бағдарламасында кесененің 3D моделін жасап, голографиялық визуализациясын әзірлеген. Енді бұл жоба музейдің көрме және ағартушылық жұмыстарында пайдаланылатын болады.
Музей директоры Жантас Набиоллаұлы Сафуллин оқушы мен ұстаздарға алғысын білдіріп, мұндай бастамалар жастардың тарихқа қызығушылығын арттыратынын атап өтті. Алдағы уақытта музей мен білім беру ұйымдары арасында бірлескен цифрлық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Тарих пен технологияның тоғысуы – болашаққа жасалған маңызды қадам.