«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Музей Travel»: БҚО мамандары Ыбырай Алтынсарин музейінде болды

07.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

«Музей Travel» жобасы аясында делегация қазақ халқының көрнекті ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған музейге барды.

Мұнда оралдық әріптестерді Қостанай облысы әкімінің орынбасары, жерлесіміз Бақытжан Нарымбетов арнайы қарсы алды. Ол Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұл бастамасын жоғары бағалап, музей ісін дамытудағы маңызына тоқталды және қатысушылармен бірге экспозицияларды аралады.

Музей қорында Ыбырай Алтынсариннің жеке заттары, сирек құжаттар, қолжазбалар мен сол дәуірдің тынысын бейнелейтін диорамалар ұсынылған. Әсіресе ағартушының отбасына тиесілі жүннен тоқылған төсек жабыны, ол құрастырған «Шариғат-ұл-ислам» кітабының түпнұсқасы, зергерлік бұйымдар топтамасы мен ұлы ұстаз алғаш сабақ берген сынып бөлмесінің көрінісі ерекше әсер қалдырды.

Экскурсия барысында музей мамандары қор жұмысы, экспозиция ұйымдастыру және келушілермен байланыс жасау бойынша тәжірибе бөлісті. Бұл сапар тарихи тұлғаның мұрасын заманауи интерактивті тәсілдер арқылы көрсетіп, музейдің тәрбиелік маңызын арттыруда оралдық мамандар үшін үлкен кәсіби мектеп болды.

Scroll to Top