«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Музей мұрасы»: Оралда тұңғыш драматург Ишанғали Меңдіханов туралы жаңа жинақ таныстырылады

21.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Осы аптада Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтан шыққан тұңғыш драматург, ағартушы, қоғам қайраткері Ишанғали Меңдіхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған жаңа жинақтың тұсаукесері өтеді.

«Музей мұрасы» сериясымен алғаш рет жарық көрген бұл еңбек Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды құжаттар мен сирек фотосуреттер, сондай-ақ тарихи тұлғаның ұрпақтары ұсынған тың деректер негізінде құрастырылды. Жобаның басты мақсаты – музей қорындағы архивтік құжаттар мен қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізіп, ел тарихында айрықша орны бар тұлғалардың рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Жинаққа Ишанғали Меңдіхановтың өмір жолы, ағартушылық қызметі, қазақ драматургиясы мен театр өнерінің қалыптасуына қосқан үлесі, сондай-ақ ұзақ жыл бойы белгісіз болып келген архивтік материалдар енгізілген.

Тағылымды басылымның тұсаукесер рәсімі 24 шілде күні сағат 11:00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтеді.

Scroll to Top