«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музей мен білім саласы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

23.01.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы музей қызметкерлерімен бірге Батыс Қазақстан облысы білім басқармасында болып, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлерімен кездесті.
Кездесу барысында музей мен білім беру саласы арасындағы ынтымақтастықты жүйелі жолға қою, тарихи-танымдық бағыттағы бірлескен жобаларды іске асыру және оқушылардың патриоттық тәрбиесін күшейту мәселелері талқыланды.
Тараптар музей экспозицияларын мектеп пәндерінің тақырыптарымен сәйкестендіру, әр жас ерекшелігіне сай экскурсия мәтіндерін әзірлеу, музей материалдарын оқу процесінде тиімді пайдалану бағыттары бойынша бірлесе жұмыстануға келісті.
Алдағы уақытта тараптар бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, мектеп оқушыларына арналған тақырыптық экскурсиялар мен тарихи-танымдық сабақтарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздеп отыр.

Scroll to Top