«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музей қорына Ғұмар Қараштың 1918 жылғы “Тұрымтай” кітабының түпнұсқасы табыс етілді.

23.10.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Музей қорына Ғұмар Қараштың 1918 жылғы “Тұрымтай” кітабының түпнұсқасы табыс етілді.

Кеше Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың 1918 жылы жарық көрген “Тұрымтай” атты өлең кітабының түпнұсқасы табыс етілді.

Құнды жәдігерді музей қорына өлкетанушы, журналист, ақын Қазбек Құттымұратұлы тапсырды. Бұл түпнұсқа 2014 жылы Көктерек ауылындағы тұрғыны Теміржан Қажғалиев ақсақалдың қолынан Қазбек Құттымұратұлына берілген болатын.

Аталған жәдігер — ХХ ғасыр басындағы қазақ руханияты мен ұлттық ой-сананың өрлеу кезеңін айғақтайтын маңызды мәдени мұра. Ол музейде жүзеге асырылып жатқан “Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау” кешенді жобасы аясында табыс етілді.

Бұл кітап — Ғұмар Қараш шығармашылығының тереңдігін, ұлттық әдебиет пен ағартушылық ойдың дамуын көрсететін баға жетпес жәдігер.

Музей ұжымы өлкетанушы, журналист, ақын Қазбек Құттымұратұлына осындай рухани құндылықты ел игілігіне табыстағаны үшін алғысын білдіреді.

Біздің ортақ мақсатымыз — өткеннің асыл мұрасын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу.

Scroll to Top