«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музей директоры жанындағы кеңейтілген отырыста конституциялық реформаға қатысты талқылау өтті.

04.02.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Бүгін музей директоры жанындағы кеңейтілген отырыста конституциялық реформаға қатысты талқылау өтті.
“Конституциялық реформаға байланысты пікірталастар болуы заңдылық. Бұл еліміздегі белсенді демократиялық көзқарастың қалыптасқанын көрсетеді. Жаңарып жатқан Конституция еліміздің игілігіне қызмет етеді деп сенемін, — деген музей директоры Жантас Сафуллин ұжымды тарихи сәттегі таңдауға аса зор жауапкершілікпен қарауға шақырды.
“Қазақстанның әрбір азаматы ұсынылып отырған Конституцияның жаңартылған үлгісін оқып шығуы керек. Мемлекеттік тілге, өзге де тұстарына қатысты азаматтық пікірімізді бұған дейін де жеткіздік, — деген “Атамекен” өнер ордасы көрме залының басшысы Қуандық Мәдір Ата Заңның ел болашағын айқындайтын айрықша құжат екендігіне тоқталды. Өзге де сөз алғандар өз ұжымдарында жан-жақты түсіндіру, талқылау жұмыстары жалғасатындығын жеткізді.

Scroll to Top