Музей басшысы Жантас Набиоллаұлы музей ардагерлерін қабылдады.
07.10.2025
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Бүгін музей басшысы Жантас Набиоллаұлы музей ардагерлерін қабылдады.
Алдыңғы толқын музей ардагерлері мен қазіргі музей қызметкерлері қатысқан кездесудің
мақсаты – музей ісінің дамуына үлес қосқан ардагерлердің еңбегін дәріптеу, жас мамандармен тәжірибе алмасу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау.
Шара барысында ардагерлер музей тарихынан сыр шертіп, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Музей басшысы ардагерлерге ізгі тілек айтып, сый-сыяпат ұсынды.