«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Мұхит Мералыұлының ұрпақтары облыстық музейде

24.06.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Ақжайық өлкесінде дархан даланың дарабоз әншісі, ұлы сазгер Мұхит Мералыұлының 185 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде.

Мерейтой аясында сал Мұхиттың ұрпақтары бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас тіреді. Қонақтар музей экспозицияларымен танысып, өңір тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайтын құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ музей қорындағы тарихи құндылықтарға ерекше қызығушылық танытып, музей қызметкерлерінің тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау бағытындағы еңбегіне жоғары бағаларын берді.

Мұндай тағылымды кездесулер ұлттық руханиятымызды дәріптеп, өткен мен бүгіннің арасындағы сабақтастықты нығайта түсетіні сөзсіз.

Scroll to Top