«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Мұхит Мерәліұлының портреті Батыс Қазақстан облыстық музейінің қорына қабылданды

27.08.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі, халық композиторы Мұхит Мерәліұлының бейнесін сомдаған «Әнші Мұхит» портретін музей қорына қабылдауға арналған «Әнмен қалған ғұмыр, суретпен қалған бейне» атты тағылымды басқосу өтті.

Бұған дейін музей қорында өнерпаздың ешбір фотосуреті немесе портреті болмағандықтан, бұл шара мәдени өмірдегі айрықша оқиғаға айналды.

Бейнелеу өнері туындысының авторы – жергілікті қылқалам шебері Нұрбек Жәрдемов. Портрет ақын Ақұштап Бақтыгерееваның жеке өтініші мен Жаулыбай Қосыбаевтың кітабындағы тарихи сипаттамалар негізінде салынған. Ал құнды туындыны Орал қаласының тұрғыны, кәсіпкер Олег Талецкий жеке қаражатына сатып алып, музей қорына сыйға тартты.

Музейдің 190 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл игі басқосуда зиялы қауым өкілдері ұлттық мұраны ұлықтаудың маңызын атап өтіп, мəдениет пен өнерге қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.

Scroll to Top