Мемлекеттік рәміздер күніне орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды
04.06.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №37 мектеп оқушыларының қатысуымен тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру. Экскурсия барысында Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіз еліміздің айбыны мен асқақ рухын білдіретін қасиетті нышандар екені кеңінен айтылды.
Оқушылар мемлекеттік рәміздерге арналған әсерлі өлеңдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқып, туған елге деген ыстық ықыластары мен патриоттық сезімдерін жеткізді.
Іс-шара соңында белсенділік танытып, өз өнерлерімен ерекшеленген оқушыларға батырлар жыр-дастандары сыйға тартылып, алғыс білдірілді.