«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО музейінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды

15.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру, заманауи жағдай жасау және материалдық-техникалық базаны жаңарту мақсатында бөлім меңгерушілеріне жаңа ноутбуктерді табыс етті.

Жаңа техникалық құралдар музей мамандарының күнделікті жұмысын жеңілдетіп, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға, ғылыми-зерттеу, құжаттандыру және шығармашылық жобаларды сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Музей директоры Жантас Набиоллаұлы бұған дейін мекеменің техникалық базасын жақсарту аясында үш сенсорлық интерактивті панель алынып, оның біреуі Халықаралық музей күні қарсаңында М.Мәметованың мемориалдық музейіне тапсырылғанын атап өтті. Басшылық тарапынан жасалып жатқан мұндай қадамдар ұжым жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, сапалы нәтиже беруге бағытталған.

Scroll to Top