«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Қыпшақ қанжары мен көне бұйымдар музейге тапсырылды

08.05.2026 Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі

Ауданымыздың тұрғыны, өлкетанушы, музей жанашыры Куанаев Мырзаболат музей қорын тағы да құнды, тарихқа толы жәдігерлермен толықтырды. Бұл жолы музейге XIX ғасырға тән белбеу қапсырмалары мен ат әбзелдері табысталды. Көненің көзіндей болған бұл бұйымдар ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігін, қолөнер шеберлігін және салт-дәстүрін айқын көрсетеді. Тапсырылған жәдігерлердің ішіндегі ең ерекше экспонаттардың бірі — қыпшақтарға тән қанжар. Бұл қару түрі – ерлік пен айбынның, батырлықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар тарихи кезеңнің айқын айғағы. Музей қорын осындай құнды мұралармен толықтырып, өткенімізді ұлықтауға үлес қосып жүрген азаматқа алғысымыз шексіз!

Scroll to Top