Қалдықтарды қайта өңдеу – уақыт талабы
Табиғат және экология музейінде 17 сәуір күні 2026 жылы «Қалдықтары кәдеге жарату және қайта өңдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: жас ұрпаққа экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қалдықтарды бөлек жинау принциптері туралы терең мағлұмат беру. Шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің Бас маманы Шамұрат Мәлике Мәлікқызы, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті жаратылыстану география факультетінің биология ғылымдарының кандидаты Ергалиев Асқарбек Сарсенұлы, ЖШС «Орал Таза Сервис » Келісім шарт бөлімінің Бастығы Аюпова Сауле Олеговна және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті жаратылыстану география факультетінің студенттері қатысты. Аталмыш шарада бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі болып табылатын қалдықтары кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселесі талқыланды. Қоғамның қарқынды дамуы, өндіріс көлемінің артуы және тұтыну мәдениетінің өзгеруі қалдықтардың көбеюіне алып келуде. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді.