«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Облыстық музейде филиалдардың есебі тыңдалды

28.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей директорының орынбасары Нұржан Тоғызбайұлының төрағалығымен қалалық және аудандық бөлім меңгерушілерінің қатысуымен кезекті жиын өтті.

Жиын барысында Ғ. Қараш атындағы Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейінің, Көктерек тарихи-өлкетану музейі мен Ақпәтер тарихи-өлкетану музейінің, сондай-ақ Жаңақала аудандық Д. Нұрпейісова өнер музейінің 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында атқарған жұмыстарының қорытындылары тыңдалды. Есептерді аталған музейлердің бөлім меңгерушілері таныстырып, музей қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.

Отырыста хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысына назар аударылып, тамыз айына жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды. Күн тәртібінде қызметкерлердің еңбек демалысына заңды мерзімде шығуын қатаң бақылау мәселелері де көтерілді. Жоспарланған жұмыстарды уақтылы әрі сапалы орындауды міндеттеп, алдағы есеп беру барысында хаттамалық тапсырмалардың толық орындалуына ерекше мән берілетіні атап өтілді.

Сондай-ақ жиында музейлердің ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейтуге баса назар аударылды. Жиын қорытындысында музейдің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Scroll to Top