ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІНЕ ОРАЙ МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Дариян ауылында орналасқан М. Шолохов мемориалдық музейіне арнайы барып, музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында жастар орталығының мамандары музей ұжымына ізгі тілектерін білдіріп, ұлттық тарих пен мәдени мұраны сақтап, келер ұрпаққа насихаттау жолындағы жауапты еңбектері үшін алғыстарын жеткізді.
Шара аясында музей қызметкерлерінің қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеудегі еңбегі ерекше аталып өтіп, өзара жылы пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттырып, мәдени мұраға жанашырлықпен қарауына оң ықпал етеді.