Еуропалық Одақ Елшілері облыстық музейде
Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейіне Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың Төтенше және Өкілетті Елшісі Алешка Симкич бастаған делегация арнайы келді. Олардың құрамында Австрия, Бельгия, Кипр, Эстония, Финляндия, Франция, Латвия, Литва, Польша, Португалия, Румыния, Сербия, Испания, Швейцария, Канададан келген өкілдер бар.
Сапар барысында мәртебелі қонақтар музей экспозицияларымен танысып, өңір тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құнды жәдігерлерді тамашалады.
Қонақтар музей қорындағы бірегей жәдігерлерге қызығушылық танытып, өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бағытындағы жұмыстарға оң бағаларын берді.
Бұл кездесу мәдени мұраны дәріптеу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өңір тарихын әлемге таныту жолындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің халықаралық мәртебесін айшықтайтын маңызды қадамдардың бірі болмақ.