«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту»

03.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшылық құрамы мен барлық қалалық және аудандық бөлім меңгерушілері еңбек және өрт қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы семинардан өтті.
«Kemenger PROM» ЖШС ұйымдастырған оқыту семинары «ISO 37001 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплеанс», өрт-техникалық минимум, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту» тақырыптарын қамтыды.
Ұжымды тиімді басқару, еңбекті қорғау, сыбайластық әрекеттердің алдын алу, өрт қауіпсіздігіне қатысты жоғары жауапкершілікті көздеген оқыту семинарынан соң қатысушыларға арнайы куәлік пен сертификат табысталды.

Scroll to Top