«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

“Елімнің бақытың тербеткен Тәуелсіздік!” атты іс-шара өтті.

15.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Оқушыларды туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарау, оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру мақсат болды. Іс шара барысында — Тарихи шолу, Тәуелсіздік жолында, Желтоқсан жаңғырығы, Тәуелсіз Қазақстан деген тақырыптар баяндалып, бейне материал көрсетілді.
Шарамызға қатысқан Абай атындағы МГИ-нің 5 – ші сынып оқушылар қатарынан — Дауылбай М., Мұрат А., Азаматова Д., Муканова Р., Галимжанова Х., Құрбон А.туған ел, туған жер туралы өлеңдерін оқыды.
Арнайы шақырылған қонағымыз Желтоқсан оқиғасының куәгері — Абай атындағы МГИ-інің деңе шынықтыру мұғалімі –Абельбасова Гульбаршин Қалиқызы қатысып өз оқиғасымен бөлісті.
Ол кезде жоғары оқу орнының 2 курс студенті едім, жатаханамыз сол Алматыдағы Л.Брежнев атына берілген қазіргі Республика алаңының қасында болғандықтан 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шыққанына куә болдым. Сол күндері Алматының ауа райы өте ызғарлы, жел болды, соған қарамастан, олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға кінәлар тағылды деп бастан кешкенін айтып берді. Балаларға желтоқсан оқиғасына қатысқан апа-ағаларымыз сияқты батыр, ержүрек, намысшыл, қайсар болыңдар деп тілегін білдірді.
Абай мектеп –гимназия интернатының оқушылары -Мақсот Қ., Қалидолла Б., Жоламанов М. орындауында Қадыр Мырза-Әлі сөзіне жазылған Е.Хасангалиевтың «Атамекен» әнімен жалғасын тапты. Кеш соңында балаларға еліміздің тарихы жөнінде викториналық сұрақтар қойылды.
М.Шолохов мемориалдық музей меңгерушісі — Мусаева Мадина Қыдырқожақызы қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, желтоқсан оқиғасының куәгеріне өз алғысын білдіріп, өзіміздің жерлесіміз, өлкетанушы Тлеген Абдрахмановтың «Солдат из Приуралья» атты кітабын сыйға тартты. Балаларды білімді болуға, елін сүйетін азамат болып, Тәуелсіз елімізге адал қызмет етуге шақырды.

Scroll to Top