«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті

20.02.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Музей директоры Жантас Сафуллиннің төрағалығымен өткен отырыста қалалық және аудандық музейлердің қорына түскен жәдігерлерді ресми қабылдап, рәсімдеу үшін сараптама жасалды.
Құнды дүниелер мен құжаттарды көзінің қарашығындай сақтап келген жерлестер музейге табыстап, ұрпаққа аманат жасауда.
Ақпан айында облыстық музей қорына һижри жыл санауы бойынша 761–762 жж. (1360–1361 жж.) Сарай әл-Жәдидте (Жаңа Сарай) соғылған көне монеталар, көне кітаптар мен бұйымдар түссе, Бөрлі, Сырым, Теректі, Ақжайық, Жәнібек, Көктерек, Дина Нұрпейсова, Мәншүк Мәметова музейлері ҰОС ардагерлерінің құжаттары мен марапаттары, тарихи тұлғалардың әскери киімдері, сирек кітаптар мен газеттер, фотосуреттер, өзге де тарихтан сыр шертетін жәдігерлермен толыққан.
Кеңес мүшелері сараптау барысында әр заттың құндылығына, тарихының тереңдігіне, сапалы сақталуына зер салып, негізгі және қосалқы қорға ресми қабылдау туралы ұсыныс жасады.

Scroll to Top