«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Бүгін музейде директор жанындағы кеңейтілген кеңес отырысы өтті.

10.04.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Бүгін музейде директор жанындағы кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Музей директоры Жантас Набиоллаұлының төрағалығымен өткен отырысқа қалалық және аудандық бөлім меңгерушілері (онлайн форматта), сондай-ақ облыстық музей бөлімдерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ағымдағы жылғы І тоқсанның жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы жұмыстар жоспары талқыланды.
Музей жұмысының негізгі бағыттары сараланған басқосуда маңызды іс-шаралар мен тақырыптық көрмелердің ұйымдастырылуы, экспонаттардың түсуі, музей қорындағы әр жәдігердің ғылыми сипаттамасын жетілдіру, музей залдарының экскурсиялық мәтіндерін толықтыру, ақылы қызмет көрсету бойынша жыл жоспарының орындалуы қарастырылды. Сондай-ақ бүгін музей жанынан «Қоғамдық қор сақтаушы» жобасы ресми бастау алды.
Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңнің жұмыс бағыттары айқындалды.

Scroll to Top