«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына және ақын атындағы орталықтың құрылғанына 10 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

19.09.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына және ақын атындағы орталықтың құрылғанына 10 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Аталған шаралар аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі киіз үй тігіп, оның ішкі жабдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, музей қорындағы ақынға қатысты түпнұсқа жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмені облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ақынның жұбайы Салтанат Мырзалиева мен ұрпақтары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы М.Құлкенов, белгілі қаламгерлер А.Бақтыгереева, Қ.Олжай бастаған зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Scroll to Top