«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО тарихи-өлкетану музейінде 2025 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы жылға даму жоспары талқыланды. Жиынға аудандық және қалалық музей бөлімдерінің меңгерушілері, бас бөлім қызметкерлері қатысты.

31.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

БҚО тарихи-өлкетану музейінде 2025 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы жылға даму жоспары талқыланды. Жиынға аудандық және қалалық музей бөлімдерінің меңгерушілері, бас бөлім қызметкерлері қатысты.
Басқосуда 2025 жылғы тамыз–желтоқсан айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі жобалар мен даму бағыттары айқындалды.
Жиында музей директоры Жантас Набиоллаұлы тарих ғылымдарының кандидаты, ғалым Жасқайрат Тілекқабылұлын ұжымға таныстырып, музейдің ғылыми-зерттеу бағытында бірлескен жұмыстарды жолға қою жоспарланып отырғанын атап өтті.
Мәселен, жыл бойы тарихшылар мен өлкетанушылардың қатысуымен өткен кездесулерде музейдің қазіргі ахуалы мен болашағына қатысты ұсыныстар мен даму бағыттары айқындалды. Музей жанынан ғылыми кеңес құрылып, оның жұмысы жәдігерлердің ғылыми маңызын айқындауға, жаңа жобаларды әзірлеуде кәсіби сараптаманы күшейтуге бағытталуда.
Сонымен қатар Астана қаласынан шақырылған музей саласының маманы Нұрсерік Жолбарыс музей қызметкерлеріне арналған шеберлік сабағын өткізіп, қор сақтау, ғылыми-әдістемелік, мәдени-білім беру, экспозиция-көрме және экскурсия қызметі бойынша кешенді сараптамалық ұсыныстар берді.
2025 жылы музей бірқатар ірі мәдени-ағартушылық жобаны іске асырды. Олардың қатарында Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына, Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына арналған көрмелер, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде өткен «Пушкиннен Шолоховқа дейін: Уақыт үндестігі», Алматы қаласында ұйымдастырылған «Орыс әдебиетінің классиктері қазақ жерінде» көрмелері бар. Сонымен бірге ғалым Сухан Камаловтың 90 жылдығына арналған «Қарашығанақтың кіндігін кескен Камалов» атты көрме өткізіп, деректі фильм ұсынылды.

Scroll to Top