«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО-да Ишанғали Меңдіханұлының өмір жолына арналған жаңа еңбектің тұсауы кесілді

24.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музей мұрасы» сериясы аясында қазақтың тұңғыш драматургі, ағартушы, қоғам қайраткері Ишанғали Меңдіханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған алғашқы жинақтың тұсаукесері өтті.

Жаңа басылым музей қорындағы құнды архивтік құжаттар, сирек фотосуреттер, мерзімді басылымдар және тұлғаның ұрпақтары ұсынған тың мәліметтер негізінде дайындалды. Кітапты белгілі өлкетанушы, журналист Қазбек Құттымұратұлы мен тарихшы Ерсұлтан Нұрғисаұлы құрастырған.

Музей директоры Жантас Набиоллаұлының төрағалығымен өткен шарада Қазталов ауданының әкімі Асыланбек Сарқұлов тұлғаның басына белгі орнату мен аумағын абаттандыруға қолдау көрсететінін жеткізді. Жаңа жинақтың тұсауын ақын, қоғам қайраткері Дариға Мұштанова мен Меңдіханұлының жиен немересі Гүлжан Қыдырғалиқызы кесті.

Басқосуда кітап авторлары мен тұлғаның ұрпақтары Гүлжан Қыдырғалиқызы мен Фарида Елтайқызы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ музей саласының ардагері Сара Танабаева, өлкетанушы Нұрлан Сәдір, журналист Мұнайдар Балмолда және өзге де зиялы қауым өкілдері қайраткердің қазақ руханиятындағы орны туралы баяндады.

Жиын соңында қатысушылар жергілікті кәсіпкер Талғат Чудобаевтың демеушілігімен танымал суретшілер Қайыр Оразғалиев пен Айдос Қабышев дайындаған Ишанғали Меңдіханұлының құлпытасының дайын нұсқасын көріп, тұлғаға тағзым етті.

Scroll to Top