«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Біздің музейге Қытай Халық Республикасынан арнайы қонақтар келді!

30.10.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Біздің музейге Қытай Халық Республикасынан арнайы қонақтар келді!

Құрметті меймандарымызды музей басшылығы қарсы алып, шырайлы әңгіме өрбітті. Қытайдан келген дизайн және құрылыс саласының мамандары музей залдарын аралап, тарих пен мәдениетке бай дүниелермен танысты.

Кездесу барысында тараптар өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық бағыттағы ойларымен бөлісті. Қонақтар біздің музейдің ерекше атмосферасын жоғары бағалап, алған әсерлерін қуана жеткізді.

Олар қоштасарда жылы лебіздерін айтып, тағы да келуге ниетті екендіктерін білдірді ?

Біз де осындай мәдени байланыстардың жалғаса беруіне тілектеспіз!

Scroll to Top