Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» сурет салу байқауы
М.Шолохов мемориалдық музейінде 29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Бір шаңырақ астында» сүрет салу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Қазақстан халқының бірлігі мен достығын насихаттау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқаудың тақырыптары: «Достығымыз жарасқан» (Ұлттар арасындағы байланыс), «Менің Отаным Қазақстан», «Бейбітшілік пен келісім», «Біздің ортақ үйіміз». Байқауға Дариян мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау шарттары:
Суреттер еркін техникада орындалады (акварель, гуашь, қарындаш және т/б)
Форматы: А3 немесе А4. Әділқазы алқасының мүшесі Дариян кітапханасының суретшісі Берниязов Е.Е., М.Шолохов мемориалдық музейінің қорсақтаушысы Бақтыгереева Г.Б. суреттерде тақырыптың ашылуы; шығармашылық идея; композиция және көркемдік шеберлік; тазалығы мен безендірілуіне өз бағаларын берді. Әділқазы алқаларының шешімі бойынша ынталандыру сыйлықтарымен Дариян орта мектебінің оқушылары 7 сынып Галиев М., Чурикова В., 5 сынып Досалиева Айназ, Голохвастова В., Ерекешова А. марапатталды. ІІІ –орын Дариян орта мектебінің оқушылары 7 сынып Васильченко В., 6 сынып- Мостващикова А., ІІ-орын Дариян орта мектебінің оқушысы Ақдаулетова И., Абай МГИ оқушылары 7 сынып – Әбен Б., 5 сынып Исанова Д., І –орын Абай МГИ оқушылары 10 сынып Абулхайырұлы Ж., 6 сынып Халиолла Р. барлықтары дипломмен марапатталып, сыйлыққа кітап берілді. Жетекшілері көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Исмагулов М. және Гарькушина О.П. М.Шолохов музей меңгерушісі атынан алғыс хатпен кітап табысталды
