«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО тарихи-өлкетану музейіне белгілі өнертанушылар қонаққа келді

23.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне философия ғылымдарының PhD докторы, профессор, суретші, өнер сыншысы, өнертанушы, «Тұран» қолөнер сыйлығының лауреаты, «TuranART.kz» өнер интернет-порталының бас редакторы Жанарбек Берістен және «Тұран» университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Талғат Төлегенов арнайы келіп, музей экспозицияларымен танысты.

Қонақтар өңірдің тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайтын бірегей жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалап, музей қызметіне оң баға берді. Сапар соңында өз әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздері мен құнды ұсыныстарын жеткізді.

Scroll to Top