«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БҚО музейіне Қазан қаласында басылған көне кітаптар келіп түсті

18.07.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры құнды жәдігермен толықты.

Бұл игі іске шетелден арнайы келген қандасымыз Талғат Мұсағалиев үлес қосып, музейге XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қазан қаласында басылып шыққан сирек кітаптарды табыстады.

Бұл басылымдар Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында дүниеге келген, халық арасында «Ишан» атанған Иманғали Мұсағалиұлының (1910–1991) жеке кітаптары болып шықты. Жинақтарда ислам дінінің сенім негіздері, рухани тәрбие және пайғамбарлар тарихына арналған еңбектер қамтылған. Тәркілеу мен қуғын-сүргін жылдарында атадан балаға аманат болып жеткен көне кітаптарды бүгінде немересі Талғат Бақтығалиұлы туған жеріне қайтарып, музей қорына өткізді.

Қазіргі таңда бұл сирек басылымдарды ғылыми айналымға енгізу мақсатында сканерлеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл көне кітаптар жан-жақты зерттеліп, музей көрмелерінде көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Scroll to Top