Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы экскурсиялық бағытты жетілдіру жөнінде музей бөлім меңгерушілері мен экскурсоводтармен жиын өткізді.
22.10.2025
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы экскурсиялық бағытты жетілдіру жөнінде музей бөлім меңгерушілері мен экскурсоводтармен жиын өткізді.
Жиында экскурсия жүргізу сапасын арттыру, бөлімдер арасындағы өзара байланысты күшейту және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» кешенді жобасы аясында әр бөлім меңгерушісінің атқарған жұмыстарының есебін таныстырып, қабылданған мәліметтер мен жәдігерлер туралы ақпаратпен бөлісті.