Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне Біріккен Ұлттар Ұйымынан арнайы өкілдер келді
Облыстық музейге Біріккен Ұлттар Ұйымынан арнайы өкілдер келіп, өңір тарихына қанықты.
Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция (СИТЕС, ағылш.Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora, CITES) — халықаралық ұйымының бас хатшысы Ивонн Игеро мен БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов музей экспозицияларын зор қызығушылықпен тамашалап, ықылас танытты.
«Бостандық үшін күрескен ұлы ақыл-ой иелері мен жауынгерлерге қатты таң қалдым. Сонымен қатар, өлкеден шыққан белгілі тұлғалар туралы тарих пен білімнің маңыздылығын көрдім. Бұл өзіммен бірге үйге апаратын маңызды жаңалық болды. Батыс Қазақстанда мені құшақ жая қарсы алды және қонақжайлылықтарыңыз үшін өте ризамын. Қазақстандықтар өте сүйкімді. Сізге көп рахмет және болашақта сәттілік», — деп пікір білдірді.