«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жүзеге асып жатқан «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» жобасы аясында музей қоры тағы да құнды жәдігерлермен толықты.

02.10.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Қаламыздың тұрғыны Жұбантаев Бақтығали мырза музейге бірқатар сирек материалдарды табыстады. Олардың ішінде:
1930 жылы жарық көрген «Еңбекші қазақ» газетінің қиындысы,
1894 жылы, 18 қамалда жазылған, ескі араб әліпбиіндегі «Бәйтнама» атты діни-уағыздық мазмұндағы өлең жолдары бар.

Бұл жәдігерлер – халқымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасынан сыр шертетін асыл қазыналар.

Scroll to Top