«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа басшы!

05.08.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа басшы!

Бүгін музей директоры лауазымына Сафуллин Жантас Набиоллаұлы тағайындалды.

Жантас Набиоллаұлы 1982 жылы 6 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2018 жылы Еуразия академиялық халықтар достығы Ресей университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде азаматтық құқықтар кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Кейін ОМКК «Жайық Пресс» мекемесінде түрлі басшылық қызметтер атқарып, 2010–2018 жылдары бас директор болды.

2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының» директоры қызметін атқарып, өңіріміздің тарихи және мәдени мұраларын зерттеу, сақтау және насихаттау ісіне зор үлес қосты.

Жантас Набиоллаұлы – бірнеше деректі фильмдердің авторы, өңіріміздің баспасөз тарихына арналған кітаптардың шығармашылық жетекшісі, сондай-ақ республикалық тарихи-танымдық «Dana.kaz» журналының негізін қалаушысы.

Музей ұжымы жаңа басшымызды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа бастамалар мен жемісті еңбек тілейді!

Scroll to Top