«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей қорын толықтыру бойынша ғылыми комиссия отырысы өтті

28.04.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Кеше Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында қалалық және аудандық музей бөлімдерінің қорына музей заттарын қабылдау жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында облыстық тарихи-өлкетану музей қорына Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор Таңатар Қоңырұлы Нұралиевтің жеке заттары, медальдары мен құжаттары, «Көне қолжазбалар мен фотосуреттер» жобасы аясында түскен қолжазбалар түсті. Қаратөбе, Жәнібек, Теректі, Ақжайық, Жаңақала, Ақпәтер музейлерінің қоры тұрмыстық заттармен, медальдармен, фотосуреттермен және жоғарыда атап өткен жоба нәтижесінде түскен қолжазбалар мен кітаптармен толықты. Комиссия мүшелері қорға түскен музей заттарының құндылығына, тарихына, сақталымына зер салып, олардың негізгі қорға және көмекші қорға алу жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Scroll to Top