«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

04.05.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Ұжымдық ата-аналар жиналысына Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.Кайржанова, БҚО әдістемелік психологиялық қолдау орталығының директоры Л.Есенова, Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры А.Маратова және “Отбасын қолдау орталығы” КММ-нің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі маманы А.Джуматаева қатысып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі, балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, “Құқық бұзушылықтың профилактикасы” туралы заңы, балалардың интернетке тәуелділігін азайту, психологиялық қолдау орталығының жұмысы туралы кеңінен түсінік берді.

Жиналыс соңында ата-аналар өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.

Scroll to Top