«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы облыстық музейдің қалалық және аудандық бөлім меңгерушілерінің қатысуымен жиналыс өткізді

04.09.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Кеше Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы облыстық музейдің қалалық және аудандық бөлім меңгерушілерінің қатысуымен жиналыс өткізді.
Жиын барысында әр музей жұмыс жоспарымен таныстырып, аудан, ауыл музейлеріндегі қордаланған мәселелерін жеткізді. Музейде көп мәселе қосымша қаржыға келіп тірелетіндіктен алдағы уақытта музейлерді күтіп ұстап, заман талабына сай дамыту үшін қажетті қаражаттарды жоспарлы, жүйелі шешу бағытта жұмыстану қажеттігіне тоқталды.
Жақын арада бастау алатын “Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау” жобасы таныстырылып, жоғары деңгейде жүзеге асыру тапсырылылды.

Scroll to Top