Археология залы бойынша пікіралмасу кездесуі өтті.
31.01.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Археолог Яна Амангелдықызы музейге арнайы шақырылды.
Кездесу барысында музей басшысы мен қызметкерлер археологпен бірге археология залын қарап шығып, экспозицияның ғылыми мазмұны, жәдігерлерді ұсыну форматы және алдағы өзгерістер бойынша пікір алмасты. Маман тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, кейбір қателіктерге назар аударылды.
Жантас Набиоллаұлы музей экспозицияларын ғылыми тұрғыдан жетілдіру және келушілерге мазмұнды әрі түсінікті ұсыну бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да сала мамандарымен бірлесе жалғасатынын атап өтті.